АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы деген ұғымды білдіреді. Вирус өзін ұзақ мерзім бойы танытпағандықтан көптеген адамдар АИТВ-мен ұзақ жылдар бойы өмір сүре береді. Алайда, АИТВ вирусы өзін байқатпаса да иммундық жүйеге тоқтаусыз шабуыл жасап ақырындап оны жойып отырады. Сондықтан АИТВ вирусы бар адам дұрыс емделмесе және күтімсіз болса оның ауыр дертпен ауырып қалуының ықтималдығы жоғары болады, ал сау иммундық жүйе бұндай дерттермен күресе алады.
Search